Аймақ басшысы алдымен Бадамша ауылындағы 70 орынға шақталған интернаты бар 300 орындық мектептің, және дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды City04.kz.
2018 жылдан салына бастаған мектеп-интернаттың құрылысы алдағы жылы аяқталады.
Ал, құны 265 млн тг болатын спорттық кешеннің құрылысы қызу жүріп жатыр.
Облыс әкімі мердігер компанияның басшыларына құрылысты уақытында аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, биыл Бадамша ауылы сыртынан Италияндық "ENI" компаниясының қаржыландыруымен жел электр станциясының құрылысы басталған.
Мұнда қуаттылығы 48MBт болатын 13 турбогенератор салынады. Жұмыстың бірінші кезеңінде 4 турбогенератор салынды. Жобаның екінші кезеңі 2020 жылы басталып ақпан- наурыз айларында толық аяқталады.