18+

Үшінші тәулік бойы Темір ауданының 17 жасар тұрғыны іздестірілуде

Ақтөбе облысында үшінші тәулік бойы Темір ауданының 17 жасар тұрғыны іздестірілуде, деп хабарлайды City04.kz.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында сағат түскі 12:00-де Темір аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бірлік ауылының тұрғыны хабарласып, кәмелет жасқа толмаған ұлы Сулейман Нұркенұлы Есеналиевтің 24 қараша күні сағат кешкі 18:00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы арызданған.

Хабар-ошарсыз жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде. Жоғалған адамды іздестіруге 22 полиция қызметкері, 12 ауыл әкімшілігінің қызметкері, 30-дан астам жергілікті тұрғын және 10 жергілікті мектептің мұғалімдері тартылды.

Қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, мына нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз:

8771 786 66 66, 8776 546 66 66 немесе 102

Белгілері: бойы шамамен 170-175 см;

арық денелі; көзі қысық, қара түсті; құлағы үлкен, құлақ тұсы тесілген, шашы қырылған. Киген киімдері: ақшыл түсті тоқылған бөрік; көк түсті қысқы күртеше; қара түсті шалбар, қара түсті қысқы бәтеңке.