18+

Ақтөбелік учаскелік инспекторлар мал ұрламақ болған күдіктілерді ұстады

26 қараша күні Сазды селосына қарасты аумағында «Болашақ» шаруа қожалығының иесі бейнебақылау камерасынан қожалық аумағында торуылдап жүрген белгісіз біреулер «Газель» автокөлігіменасыл тұқымды 3 бас сиырды ұрламақ болғанын байқады.

Мал иесі бірден Сазды селосының учаскелік аға инспекторы полиция майоры Әбдібай Балғалиевке телефон соқты. Ол хабар түскен бойда демалыста жүрген серіктесі аға лейтенант Беклан Боранбаевты шақырып, екеуі тез арада қожалыққа қарай бет алды.

Полиция қызметкерлері мен мал иесін көрген ұрылар абдырап, «Газель» автокөлігіне сиырларды тиеместен, қаша жөнелді. Учаскелік полиция инспекторларының қырағылы нәтижесінде 22 және 47 жастағы қала тұрғындары ұсталды, қалған екеуі қашып үлгерді.

Олар қазірде уақытша ұстау изоляторында. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Жеке шаруашылық аумақтарында бейнебақылау камераларының болуы осындай ұрлық пен басқа да қылмыстарды ашуға және алдын-алуға көмегін тигізеді деп көрсетті полиция бөлімінде.