Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы қызметіне Жұмамұрат Алдашев тағайындалды, деп хабарлайды City04.kz.
Жұмамұрат Ердаулетұлы Алдашев бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің бас инспекторы қызметінде болды.
Алдашев Жұмамұрат Ердаулетұлы
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы
1961 жылы Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.
Білімі
1986 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша Ақтөбе Мемлекеттік медициналық институтын, 2006 жылы – экономика бакалавры мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы
Еңбек жолын дәрігер-оташысы болып бастаған (1986-1987 жж.).
1993 жылы КСРО медициналық ғылымдары Академиясының хирургия Бүкілодақтық Ғылыми Орталығының базасындағы клиникалық ординатурасын бітірген (Мәскеу қ.). 1993-1996 жылдары Ленин орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері, 1996-1998 жылдары Ақтөбе қалалық № 1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері, 1998 жылдың наурыз-қыркүйек аралағында Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары, 1998-2001 жылдары Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы, 2001 жылдың мамыр-қыркүйек аралығында «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК бас дәрігері, 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.2005 жылдан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Марапаттар
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.), «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2000 ж.), «Үздік мемлекеттік қызметші» (2015ж.) төс беліглері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерекелік медалдарымен марапатталған.
Ғылыми дәрежесі
Медицина ғылымдарының кандидаты (1993ж., Мәскеу қ.).