18+

Сағынтаев қандай жағдайда отставкаға кететінін айтты

28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшыларды да жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойды.

"Егер менің қоластымдағылардың бірі заң бұзса, мен отставкаға кетемін", - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды City04.kz.

- Заңның аты заң. Заңға бағынуымыз керек, сондықтан, әрине Құдай сақтасын, егер менің қоластымдағылардың бірі жауапқа тартылып, оны сот дәлелдеп, үкім шығарса, демек, мен міндетті түрде өз еркіммен отставкаға кетуім керек. Бірақ, заң нормасы бойынша, Президент айтқандай, бұл отставканы қабылдауға немесе қабылдамауға Президенттің құқы бар. Сондықтан мен заң нормаларына сәйкес әрекет етемін, - деді Бақытжан Сағынтаев.

28 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшыларды да жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойды. Заңға енгізілген өзгерістер жеке бас тәртібін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауда бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

zakon.kz.