Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР РФ-дағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.
Облыс әкімі Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда болды.
Кездесу барысында тараптар Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында қазақстандық жауынгерлерді еске алу үшін Ресейде мәңгі есте сақтау бойынша бірлескен мәдени-гуманитарлық жобаларды талқылады.