Мәжіліс залында Әйтеке би аудандық филиалының "Нұр Отан" партиясының қызметкерлері азаматтық қорғау Әйтеке би ауданы бойынша "Жемқорлық-теріс әлеуметтік құбылыс" атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды City04.kz.
Аталған іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлық ұғымын және механизмін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жариялау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы әңгімелеу. Дөңгелек үстелге "Нұр Отан" партиясы Әйтеке би аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. К. Алипбаев қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Әйтеке би ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Қ. Тұрғанов сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатындығын атап өтті.