Түнде, Маресьев көшесіндегі үйдің жанында төбелес орын алды, деп жазады City04.kz.
Оқиға орнында патрульдік полиция жасағы 28 жасар азаматты ұстады.
Тексеру барысында ұсталған азаматтың күртешесінің қалтасынан 8 дана оқтары бар "ОСА" тапаншасы, сондай-ақ 8 дана оқтары бар пневматикалық тапаншаға ұқсас зат табылды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Ұсталған азамат полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).
Сараптама тағайындалды.