18+

Ақтөбе облысында барымташылар 113 бас қой ұрлаған

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысының Қобда ауданында барымташылар тобы ұсталды, деп хабарлайды City04.kz.

Кешкі уақыт кезінде кент шетіндегі Сарыбұлақ тұрғынының ауласынан 113 бас қой ұрланды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы тез арада шығып, күдіктілер аудан орталығына қарай қойларды айдап әкеткені анықталды.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қобда ауылының шетінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында 5 кесуші жалдаған жалдап, қойларды бауыздау кезінде күдіктілер ұсталды.

Олар 23 бас қойды сойып үлгерген. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер қой иесінің жоқтығын пайдаланып, жаяу жүрген қойларды ұрлап, қылмыс орнынан 40 шақырым жерде орналасқан аудан орталығына айдап кеткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер Қобда мен Сарыбұлақ ауылының тұрғындары болып шықты. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.