18+

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде «Парасаттылық мектептері» өз есігін айқара ашты

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде және С.Бәйішев атындағы жоғары медициналық колледжінде «Парасаттылық мектебі» кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Мектептің салтанатты ашылуына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Н.Досанов, колледж басшылары және студенттер қатысты.

 «Парасаттылық мектептері» Жас ұрпақтың адалдық, әділдік және адамгершілік қағидаттарын нығайту мақсатында ашылған.

Баишев жоғары медициналық колледжінде студенттер ұлттық код призмасы арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне келді.

Балалар ұлттық киімдерге киініп, өздері жасаған Томирис патшалығының ерліктері туралы театр қойылымын ұсынды.

Сонымен қатар, колледж аумағында студенттердің өз қолдарымен жасалған бұйымдардан тұратын  «Адалдық жәрмеңкесі» жұмыс істейді.

Бұл тетіктер жастарды дұрыс моральдық құндылықтармен парасаттылық рухында тәрбиелеудің тиімді тәсілі болып табылады.

Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы медициналық колледжінде студент-жастар  өздерінің парасатты қоғамның түсініктері туралы айтып, Ш.Уәлихановтың өлеңдеріне дәйексөз айтып, символикалық ағаш түрінде «Парасаттылық мектебі» жұмысының негізгі принциптерін таныстырды.

Кездесу  соңында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта облыстың 28 техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарында парасаттылық мектептері жұмыс істеп тұр, қалған оқу орындарындарында осы бағытта жұмыстар  жүргізілуде.

Бұл жұмыс - облыстық білім басқармасы мен білім беру ұйымдарының «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен тығыз ынтымақтастығының нәтижесі.