18+

Полицейлер марапатқа ие болды

Ақтөбе облысының Полиция департаментінде ҚР Тәуелсіздігі күніне байланысты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе облысының Полиция департаментінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Департамент ғимаратының кіре берісінде ел Тәуелсіздігінің жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Шараға келген қонақтар мен ардагерлер архив құжаттары мен фото суреттерді тамашалады. Салтанатты шарада Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Мұрат Жақыпбеков жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлерін мерекемен құттықтады.

- Бұл күн-барша қазақстандықтар үшін ең ұлық мереке. Ата- бабаларымыз ғасырлар бойына еліміздің тәуелсіздігін арман етті. Биыл тәуелсіз, егеменді ел атанғанымызға 28 жыл толып отыр. Еліміздегі бірлік пен ұлттар арасындағы татулық бүгінде барша әлем қауымдастығғына үлгі болып отыр,- деп атап өтті Мұрат Жақыпбеков.

Салтанатты шарада ҚР ІІМ бұйрығымен қызметтегі жетістіктері үшін Ақпараттық жүйе басқармасының бастығы Анар Қрымқұловаға полиция полковнигі кезекті атағы берілді. Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Динара Баймұхановаға кезекті майор атағы берілді. Жедел–криминалистикалық басқармасының бастығы Қайрат Ділмағамбетов "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марпатталды.

Сонымен қатар 3 қызметкер 2-ші дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төс белгісімен, 1 қызметкер ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен және 1 қызметкер ҚР ІІМ Алғыс хатымен марапатталды және екі қызметкерге алғыс жарияланды. Сонымен қатар, Полиция департаменті бастығы атынан мыңнан астам қызметкер марапатталды. Оның ішінде 8-не грамота , 9 алғыс хат, 24-не алғыс жарияланды.

Салтанатты іс-шара соңы облыстық ПД қызметкерлерінің күшімен дайындалған концертке ұласты.