Күдікті ретінде ұсталынып әкелген Ш.Нұрлан есімді азамат полиция қызметкерлері алдында ақ болып, құқық қорғау органдарының кешіріміне ие болды, деп хабарлайды City04.kz.
12-17 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жеке құрамы аса ауыр қылмысты ашуға жұмылдырылған, оның барысында қылмыс жасау ауданы пысықталып, сондай-ақ күдікті адаммен сыртқы белгілері (киім, бет пішіні) бойынша ұқсас адамдар тексеру мақсатында полиция бөліміне жеткізілген. Куәгер ретінде тергеуге алынған қала тұрғыны, азамат Ш.Нұрланның куә ретінде жауап алынды, қылмысқа қатысы жоқтығы тексеріліп, дәлелденген соң, босатылды.