18+

Жол-көлік оқиғаларын төмендету және жалпы тасжолдардағы апатты жағдайды тұрақтандыру

Жол-көлік оқиғаларын төмендету және жалпы облыстың тасжолдарындағы апатты жағдайды тұрақтандыру мақсатында әкімшілік полиция басқармасы "ҚазАвтоЖол" АҚ, "КазахАвтоДор" ЖШС мердігерлік ұйымымен, жеке кәсіпкер Дарбай Амангелді Хаважұлы өз бастамасымен демеушілік көмек көрсеткен, халықаралық, республикалық маңызы бар тасжолдардың және қаланың көше-жол желілерінің апаттық-қауіпті учаскелерінде жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын сатып алу және орнату бойынша шаралар қабылдады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні қала сыртындағы тасжолдардың 20 мекен-жайы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңде 5.18.1 "Ұсынылатын жылдамдық" жол белгілері орнатылады, сондай-ақ жүргізуші құрамы арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күн сәулесінен жұмыс істейтін дабыл-дауыс зорайтқыш құрылғысы бар патрульдік автокөліктердің макеттері орнатылады.

Жаңа макеттердің ерекшелігі - жарқылдауық маяктардың болуы, бұл тәуліктің қараңғы уақытында пайдалануға мүмкіндік береді. Электр қуатын макеттер күн батареяларынан алады. Тәртіп сақшылары автомобиль жолдарының апатты қауіпті учаскелерін анықтады.

Тәуліктің қараңғы уақытында жұмыс істеп тұрған маяктар кезінде макеттер нақты патрульдік машинаға іспетті. Облыс орталығында көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтату және жүргізушілердің назарын аудару үшін реттелмейтін 3 жаяу жүргіншілер өткелдерінде пайдаланылатын жасанды тегіс емес жол және жарық шағылыстырғыш элементтерді (катафоттар) орнату жоспарлануда.

Жоспарланған іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бұл апаттық-қауіпті учаскелердегі ЖКО санын азайтуға мүмкіндік береді.