18+

3 айдан жиналған 2 миллиондар жұмысшыларға төленбей жатыр

Бүгін редакция орналасқан бизнес центрге белгісіз жұмысшылар еңбек ақыларын алуға топ болып жиналды. "Барлық ақшамыз беріледі" деп келген жұмысшылардың жағдайын сұрап біз де бардық, деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Сөйтсек құрылыс, көлік транспортымен айналысатын "БИ-М-72" Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысшыларына 3 айдан бері жалақысы төленбепті. Жұмысшылардың жиналу себебі сол бүгін айлықтың ақтық шегі екен. Дәл бүгін 25 желтоқсан төленеді дегенді естіп жиналыпты. 

Әлбетте, басты бөлімшесі орналасқан "БИ-М-72" ЖШС офисіне кіріп бардық. Барғандағы көзіміз мәселені шешуге деген қайнаған жұмыстың шетін де көрмеді. Кабинеттер бос, жұмысшылар жоқ.

Бізді қарсы алған өзін жай ғана қаржыгер деп таныстырған қызметкер өзінің де басшылыққа наразы екендігін жеткізді. 

Арнайы ресми мәлімдеме жасау үшін басшылықты сұрағанымызда оның жұмыс орнында жоқ екенін оған қоса, 2 аптадан бері көрмегенін де айтты. 

Ал, жұмысшылар:

- Бұл жерде бұрыннан істеп, алғашында айлығымызды уақытылы алып жүрдік. Кейін міне, 3 ай болып қалды еңбек ақымызды төлейтін қарыз әрқайысымызға 500 мыңнан тіпті, жұмыс істеу деңгейі жоғарыларда 2 миллион теңгеге жетті. Басшымыз Баянас Әбілғазы Раймжанұлын танимыз. Дәл қазіргі уақытта байланысқа шыға алмай отырмыз. Телефоны өшірулі,- дейді маңдай терінің ақысын бермегенімен қоса түсіндіруге шықпаған басшылыққа ренжіп.

Дегенмен, мәселенің мән жайы әлі де анықталуда. Жұмысшылардың айтуынша бүгін соңғы күн болғандықтан ертең дәл осы жерге барлығы жұмысшылар келіп, БАҚ өкілдерін де шақыртату арқылы талаптарын жеткізетіндігін ескертті. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек олардың саны 60-тан астам. 

Арнайы меншік иесіне қатысты мәліметтерді растау үшін pk.uchet.kz сайтына кірсек мекеме қызметкерлері айтқан меншік иесі Баянас Әбілғазы емес Умьянов Амир екендігіне көз жеткіздік. 

Ақнұр ҚУАНЫШ