18+

Алматыдағы ұшақ апаты: ішкі тергеу нәтижесі жарияланды

Fokker 100 ұшағы алдында 90 тоннаға дейін жүк көтере алатын Мәскеуге бағыт алған Air Astana әуе компаниясына тиесілі Airbus 321 Neo алып ұшағы ұшқан. Енді ұшу уақытына назар аударыңыздар.

2019123015244312536_2019123014341240101_f9517dae-0b46-480f.jpg
Сурет : zakon.kz30 Желтоқсан 2019, 15:26

Bek Air әуе компаниясының Ұшу қызметінің басшысы Эрик Сапаров 27 желтоқсанда Алматыда Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты ішкі тексерудің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол кестеде ұшақтың қалай ұшқанын көрсетті, онда әр секунд сайын ұшақ біресе солға және біресе оңға қарай қисайғанын көруге болады. 15-ші секундта ұшақ жерге тигенде қисаю тоқтады.

- Жел - 140, тыныш, 1000 метрден бәрі көрінеді, ерекше құбылыстар байқалмайды. Онда неліктен ұшақ теңселіп, бір қанатынан екінші қанатына ауысып, ауытқиды, бұған алған жылдамдық себеп пе? Біз алдымызда қандай ұшақ ұшқаны туралы деректерді алдық. Белгілі болғандай, алдымызда массасы 90 тоннаға дейін жаңа қозғалтқышы бар Мәскеуге бағыт алған Air Astana әуе компаниясына тиесілі Airbus 321 Neo ұшағы ұшқан. Енді ұшу уақытына назар аударыңыздар: 01:19 секунд UTC, яғни Алматы уақыты бойынша - 7:19. Оның жылдамдығы - 184 торап. Біздің Fokker 100 сағат 01: 20 секундта, жылдамдығы 155 торап боп ұшты. Яғни, арасы - 1 минут, Fokker 100 көкке көтерілгенде алдыңғы ұшақтың ауада қалдырған иірім ізіне барып шатасты, - деді ол.

Оның айтуынша, екі ұшақтың арасында ұшу уақытының аралығы кем дегенде 2 минут болуы керек.

Ауадағы иірім ағынының қауіпті екенін мына видеодан да көруге болады.