Ақтөбе облыстық Полиция департаментінде үздік тергеуші мен үздік анықтаушы анықталды, деп хабарлайды City04.kz.
Олардың барлығы сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша іріктеуден өтті. Ақтөбе облысының Полиция департаментінде өңірдегі тергеу бөлімшелерінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды.
Сондай-ақ, Департамент басшылығы ағымдағы жылға міндеттер қойып, жеке құрамға ІІМ және ПД басшылығының талаптары мен міндеттерін жеткізді. Департамент басшылығының негізгі талаптарының бірі - қылмыстық процеске қатысушылар тарапынан шағымдар мен өтініштерді азайту, тергеудің әуре-сарсаңын болдырмау, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу және тергеу сапасын жақсарту. Ақтөбе облысының үздік тергеушісі болып Ақтөбе қаласы Астана ауданы № 1 қалалық полиция бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Жанара Исмағұлова танылды.