18+

Еркін күрестен әскери қызметшілердің балалары арасында турнир өтті

Жанаөзен шаһарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылған 28жыл толукүніне орай  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №5548 әскери бөлімінде «Спорт-нашакорлыққа қарсы!»атты ұранмен әскери қызметшілердің балалары арасындаеркін күрестен шағын турнир өтті.

Алғашқы мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа 25 шақтыжаспалуандар қатысты. Жарыс 3 салмақта өткізілді. Жас палуандар дейтініміз турнирге қатысушылар негізінен 6-10 жастағы жеткіншектер.

Бәсекені5548 әскерибөлімнің командирімайор Жәнібек Нүрсейтов пен Жанаөзен қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Айдос Уайсов мырзаларқұттықтау сөзбен ашып, жас өрендерге сәттілік тіледі.

Турнирдің негізгі мақсаты -балалардың бойына отан сүйгіштікті дарытып, спорттық дағдыларды дамыту, шеберлігін шыңдау. Спорт - мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын көтеретін сала.

Жарыс нәтижесі бойынша жас ерекшеліктеріне қарай 3 чемпион анықталды.

Сонымен, турнир қорытындысы бойынша жас палуандар арасында жеңімпаз атанғандар: 23 келі салмақ дәрежесі бойынша, І орынды Нұрасыл Күльпейсов жеңіп алды, (әкесі келісім-шарт бойынша әскери кызметші кіші сержант С.Күльпейсов), ІІ орынды – Меирлан Бегалиев иеленді, (әкесі келісім-шарт бойынша әскери кызметші аға сержант А.Тналин).Ал жүлделі ІІІ орынды -Рамазан Әлихан міссе тұтты,(әкесі майор М.Таубаев).

27 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жас палуандар арасында Мақсат Бегалиев айқын басымдылықпен «Алтын медаль» иегері атанды, (әкесі келісім-шарт бойынша әскери кызметші аға сержант А.Тналин).Ал, ІІ орынжас спортшы Райымбек Бақтығалиевке бұйырды, (әкесі келісім-шарт бойынша әскери кызметшісержант А.Кельмаев). ІІІ орынды Досжан Ерасылиеленді,( әкесі подполковник Е.Досжан).

32 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен жас спортшылар арасындаРуслан Бегалиевтың бағы жанып, І орын иегері атанды,( әкесі келісім-шарт бойынша әскери кызметші аға сержант А.Тналин).Ал, Махмутжанов Руслан ІІ орынды қанағат тұтты, (әкесі майор У.Имамжанов). ІІІ орындыМирасСаидхасимов пен ТастанАйдын қанжығасына байлады, (әкелерімайор Д. Нүрсейтов пен келісім-шарт бойынша әскери кызметшісержант Д.Әжібеков).

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғыс хатпен және сый- сияпаттармен марапатталды.