18+

4 күн жоғалған жасөспірім досының үйінде түнепті

Ақтөбе қаласының №4 кезекші полиция бөліміне 38 жасар әйелден өзінің жасөспірім баласының жоғалғаны туралы арыз келіп түсті.

Кәмелетке толмаған баланың анасының айтуынша қаланың колледждерінің бірінде оқитын студент ағымдағы жылдың 4 қаңтар күні үйден шығып, кейін қайтып оралмаған.

Полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 7 қаңтар күні жасөспірімнің мекен-жайы анықталды.

Мәлім болғандай, студент Ойыл ауылындағы досының үйінде түнеген. Полиция қызметкерлері табылған жасөспірімді бөлімшеге жеткізіп, студент пен оның анасы арасында профилактикалық кеңес өткізді.