10 қаңтар, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Марат Тағымов, Мұхтар Жұмағазиевпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Асылбек Смағұлов, Құралай Қарекен, Дания Еспаева Сергей Симоновпен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе өңіріне жасаған бір апталық жұмыс сапарларын қорытындылаған мәжіліс депутаттары облыс басшысына атқарылған жұмыстар үшін разылықтарын білдірді. Халық қалаулылары Алға, Мәртөк, Қобда аудандарындағы шалғай ауылдарда болып тұрғындармен кездескен.