Ағымдағы жылдың 6 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында республикалық "БРАКОНЬЕР" жедел–алдын алу іс- шарасы өткізіледі, деп хабарлайды City04.kz.
Шараның үш күні ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 98 фактісі анықталды, оның ішінде:
- балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін - 27;
- жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін - 53;
- табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін - 18
Мысалы, ағымдағы жылдың 02 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық полиция бөліміне "ОХОТЗООПРОМ" инспекторынан хабар келіп түсті. Оның айтуынша, Ырғыз ауданының аумағында Ырғыз ауылынан 300 км қашықтықта, Жайсаңбай ауылдық округінің маңайындағы "Атаншы" қыстауынан шамамен 200 метр қашықтықта (Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Қарағанды облысымен шекара маңында орналасқан,) кесілген мүйізі бар ақбөкеннің кішкентайы табылды.