Жұма, 10 қаңтар күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының ғимаратында Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігі, даму институттарының жауапты қызметкерлері, облыс әкімінің орынбасары, шаруа қожалықтары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.Жиынды ашқан облыс әкімі аймағымыздың ауыл шаруашылығы бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарларын айтып өтті.
Жиын барысында жергілікті ауыл шаруашылығы саласының кәсіпкерлері, жеке қожалық басшылары Нұр-Сұлтаннан келген құзырлы органдар мен министрліктің өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, сын-пікірлерін де айтып өтті. Әсіресе, сырттан асыл тұқымды мал әкелу, дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы бал арасы, құс, балық өсіру, министрлік тарапынан бөлінетін субсидия көлемін арттыру, мал жайылымдары мәселелері өте өзекті болып отыр.