Ақтөбеде қала әкімі Мавр Абдуллин атаулы әлеуметтік көмектің берілуінің өзгерістерін көпбалалы аналарға түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.Кездесуде қала әкімі Мавр Абдуллинге “сіз біздің мәселемізді шеше алмайсыз” ,-деп көпбалалы аналар өз ойларын білдірді деп хабарлайды City04.kz .
Түсіндіру жұмыстарын қала әкімі мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Ораққызы өткізді. Аналардың сұрақтарына қалалық бөлім басшылары, облыстық білім басқармаларының қызметкерлері жауап берді.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек заңы күшіне енгізілді. Басты өзгеріс бұған дейін бала күтімімен 7 жасқа дейінгі балалармен отыру мүмкіндігі болса, биылғы жылдан бастап бала күтімімен 3 жасқа дейін ғана екі ата-ананың біреуі ғана отыра алады. Балалары 3 жастан асқан болса ата-аналары міндетті түрде тұрақты жұмысқа орналасулары қажет. Бұл еңбек бағдарламасы аясында белсенді шараларға бағытталуы керек. Белсенді шараларға: қайта даярлау курстары, қоғамдық-әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі жатқызылады. Биылғы өзгерістердің бірі учаскелік комиссияның тексерісі 3 күннен 7 күнге ұзартылуы. Сонымен қатар, учаскелік комиссия құрамы да өзгеруде.
Еске сала кетейік, 5 қаңтардан бастап аудандарда және селолық округтерде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін төрт белгіленген мекенжай бойынша құжаттар қабылдана бастаған.
Кездесу барысында, «Әкім мырза сіз біздің мәселемізді шеше алмайсыз!» «Сіз үкімет айтқан нәрсені ғана айтасыз!» деген наразы пікірмен жалғызбасты ана сөзін бастады.
Бұлбұл Ораққызының айтуынша,әлеуметтік көмекке облыстық және республикалық бюджеттен 10 млрд теңге қаражат жоспарланған.Жылдың қорытындысы бойынша көпбалалы отбасыларға тиесілі әлеуметтік көмек толығымен төленген.
- Ақтөбеде республикаға танымал бір журналист әлеуметтік желіге “Әйелдер көшеге неге шығады” деген бір пост шығарды. Осы пост тапсырыспен жазылған ба, сіздердің тараптарыңыздан тапсырыс берілді ме? Әйелдер егер тиесілі органдарға барғаннан, сіздерге жолыққаннан шаруасы шешілмесе көшеге шықпағанда қайтеді,- дейді Ақтөбе тұрғыны Серік Әбдіжами.
Тілшіге сұхбат берген Алия есімді көпбалалы жас әлеуметтік көмек берудің өзгерістерін қолдап отыр.
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін мүгедек балаларға берілетін ақы есептелмесін деген тұрғындар да табылды.
Кездесу барысында халық сұрақтарын жаудырды. Тұрғындардың сұрақтарына Бұлбұл Ораққызы жауап берді:
Кездесуде зал лық толы болды. Кейбір аналар кездесуге сәбилерімен бірге келді. Байқағанымыздай, көпбалалы аналардың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін енгізілген өзгерістерге көңілдері толмауда. Бірі бала күтімінің мерзімін 3 жастан 7 жасқа дейін ұзартқанына наразы болса бірі жұмыс жасасақ балаларымызды балабақшадан алу қиындайды деп алаңдауда. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесу ұзаққа созылды.