Ақтөбе облысы ТЖ аудандық бөлімдеріне 10 су жаңа «Нива» автокөлігін Ақтөбе облысы әкімінің атынан оның бірінші орынбасары Рахат Сыдықов табыс етті, деп хабарлайды City04.kz.
Осы «сыйлықтан» кейін, 10 қаңтарда Департамент бөлімшелерінің 2019 жылғы қорытынды жедел кеңесі басталды.
Кеңесті аша отырып, Рахат Сыдықов Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі азаматтардың өрттен және өзге де төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын, әкімдік те бұдан әрі құтқарушыларды техникалық жабдықтауда барлық мүмкін болатын қолдау көрсетуге ниетті екенін, сондай-ақ осы мақсатта 2020 жылы жергілікті бюджеттен 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлінетінін атап өтті.
Көліктен бөлек, үздік құтқарушыларға арналған облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.