18+

Американдық әскерилер орналасқан Ирактағы авиабазаға оқ жаудырылды

Әзірге оны кім жасағаны белгісіз 

Жексенбіде Ирактың солтүстігіндегі Салах-эд-Дин провинциясында орналасқан Ирактың әскері-әуе күштерінің «Балад» базасы зымырандық соққыға ұшырады, деп хабарлайды әскери дереккөзіне сілтеме жасаған РИА Новости.

Белгісіздер «Катюша» қондырғысынан атқан реактивтік снарядтардың, кем дегенде, бесеуі «Балад» базасына дарыған. Соның салдарынан, Ирак әскери-әуе күштерінің төрт әскериә жараланған, олардың екеуі – офицерлер.

Американдық әскерилердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

МҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирак үкіметін әскери базаларды қорғауға барлық мүмкін әрекеттерді пайдалануға және американдық контингент орналасқан «Балад» авибазасына жақында жасалған шабуылға кінәлілерді жауапукершілікке тартуға шақырды..

«Ирак аивабазасына жасалған зымырандық соққылар туралы хабарлама ашу-ызамызды тудырды. Мен жараланған әскерилердің тез сауығуы үшін дұға оқимын және Ирак үкіметін Ирак халқына жасалған осы шабуылға кінәлілерді жауапкершілікке тартуға шақырамын», – деп жазды Помпео Twitter-де.

Естеріңізге салсақ, 3-қаңтарға қараған түні АҚШ Бағдад халықаралық әуежай аймағында Иран армиясының элиталық бөлімшесі – «Кудс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Касем Сүлеймани мен Ирактағы шиит жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандисаға қарсы операцияны жүзеге асырған болатын. Вашингтон 2019 жылғы 31-желтоқсанда Бағдадтағы американдық елшілікке жасалған шабуылды ұйымдастыруға олардың қатысы бар деп санайды. Шабуыл барысында Сүлеймани және тағы 9 адам оққа ұшқан болатын.

Оған Жауап ретінде, Иран АҚШ-тың Ирактағы екі әскери нысандарына зымырандық соққы берді

Источник: kursiv.kz