18+

ТЖД Өрт сөндіру бөлімінде 2019 жылдың қортындысы бойынша кеңес өтті

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Төлешев Асқар Дәулетбайұлы және Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ермағамбетов Дамир Мақсотұлының басшылығымен Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша жедел кеңесі өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Жедел кеңеске «ӨС және АҚЖҚ» ММ басқару аппараты қызметкерлерімен және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары қатысты. Жиын барысында Өрт сөндіру және АҚЖ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, а/қ майоры Е. Жақсыгулов баяндама жасады, онда өртке қарсы бөлімнің 2019 жылға шығулары туралы статистикалық мәліметтер бойынша 11316 жедел шығулар , оның 822-сі гарнизон ішіндегі өртті сөндіруге, жану жағдайларына - 1646 рет, 94 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілгені бойынша акпарат берді. Кезекші ауысымдардың жеке құрамымен өрт кезінде 380 адам құтқарылды, 2429 адам эвакуацияланды, авариялық-құтқару жұмыстары барысында 128 адам құтқарылды, 84 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар жылдық қортынды нәтижелері бойынша Кадр саясаты бөлімінің бастығы а/қ капитан Т.Карасаев, Темір ауданының № 17 өрт сөндіру бекет бастығы а/қ майор А. Пангереев, Айтеке би ауданының № 10 өрт сөндіру бекет бастығы а/қ аға лейтенант А.Тілеуқұлов және Қарғалы ауданының № 13 өрт сөндіру бекет бастығы а.к. капитаны К. Бекназаровтын баяндамалары тындалды Өртке қарсы қызмет гарнизоны қызметінің басым бағыттарын іске асыру аясында негізгі міндет Ақтөбе облысының аумақтары мен тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. 2019 жылы негізгі күштер өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімдерінің оқытуға, өртке қарсы және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастырудағы тиімділігін арттыруға, өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндіру жарақтарының техникалық дайындығын арттыруға бағытталды.

Бөлім басшыларының атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы есептерін тыңдай отыра, басшылық ағымдағы жылға құрылымның қызметін жетілдіру бойынша міндеттер қойып, Өрт сөндіру қызметінің 2020 жылдын қарқынды дамуына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қорытынды жиын аясында бөлім басшыларымен өрт кезінде кездесетін нақты жағдайларға дайындық бойынша арнайы жаттығу өткізілді. Мұндай жаттығулар нәтижесі өрт сөндірушілердің біліктілігін арттыратыны сөзсіз.