Ақтөбе қаласының патрульдік полициясы мектептерде жол қозғалысы қауіпсіздігі сабақтарын өткізуде, деп хабарлайды City04.kz.
Патрульдік полицейлер тұрақты түрде жол қозғалысы ережелері бойынша оқушыларға сабақ өткізеді. Олар балаларға автомобильде, қоғамдық көліктерде және жол бөліктерінде өздерін қалай ұстау керектігін еске салды.
Сабақ барысында инспекторлар жолда жүру ережелерін, сондай-ақ реттелетін және реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін түсіндіріп, сондай-ақ ауладағы жол қауіпсіздігі ережелері туралы айтты.
Әңгіме соңында полиция қызметкерлері балалардың алған білімдерін тексерді, ал балалар өз кезегінде сұрақтарға қуана жауап беріп, жол ережесін бұзбауға уәде берді.