18+

NINETY ONE тобының instagram парақшасын кім бұзған?

Қазақстандық Q-pop бағыттағы топ "Ninety one-ның" әлеуметтік желідегі парақшасын (instagram) хакер бұзғаны 13 қаңтар белгілі болған еді. Музыкалық топқа қатысты бұл жағымсыз жаңалықты жанкүйерлері бірден байқап қойған болатын. 

Күнделікті тіпті, сағат сайын парақшаны аңдып отыратын жанкүйерлер кенеттен парақшаның ауысқанын байқаған. Бірден қара түсті фон қойылған топтың ресми парақшасында жаңа пост та шығып үлгерді. Байқағанымыздай парақшаны бұзған хакер өз парақшасын да қалдырып кетіпті.

@_.yh есімді "хакер" парақшаның суреттерін өшірмесе де, сипаттамасын дәл өз парақшасындай өзгертіпті. Жағдайды бірден қолға алған JUZ entertainment компаниясы ревервтік парақша ашып, желі қолданушыларына парақшаны қайтару жұмыстары жүріп жатқандығын ескертіп үлгерді. 

Және кейіннен, уәде бергеніндей парақша қайтып оралыпты.

Дегенмен, "хакер" өз ісін жалғыстыра бастапты. Болгариялық "Equinox" тобын да құрбан қылғаны @_.yh парақшасынан мәлім болды.

Осындай ресми қорғалған, танымал музыкалық топтардың парақшасын жеп-жеңіл бұзып-ақ алған хакер кім болды екен деген сұрақ келері анық. Онымен бас қатырып, желіні біраз шарлауға тиіс болдық.

Байқағанымыздай, @_.yh парақшасы бір ғана парақшаға тіркелген. @afoxmonster деген атты иемденген Alisa Orak лақап атты қыздың парақшасынан иглздар (ред. "Ninety one" тобының жанкүйерлері) көрініп үлгеріпті. Тек парақшаға соңғы жүктелген видеоның астында хакер бұл парақшаға әдейі тіркелген деген пікірлер қалыпты. Анығы белгісіз болса да, қызығы сол аталмыш қыз хакердің "сүйікті" смайлигі клоунды видеоның атауына қолданған. Бұл жайт күдікті болып қала бермек. 

Бір күдіктен бір күдік.

Жоғарыда атап өткен "Ninety one" тобының резервтік парақшасында жағдай орын алған күнгі түсіндірме посттан бөлек тағы бір пост шығып, жанкүйерлерді таңғалдырды.

Жарияланымда "Ninety one" тобының толық емес құрамдағы коллаж-фотосы көрініс тапқан. Ондағы күдікті жері топтың бесінші мүшесі "A.Z." лақап атты Азамат Зенкаев жоқ. 

Ал Азаматтың жеке парақшасында фотолар өшіпті.

Әзірге, компания артистке қатысты ресми мәлімдеме берген жоқ. Ал жанкүйерлер болса "A.Z." топтан кеткенін қаламауда. 

Оны "Эйзи қайда?", "Не боп кетті?", "Бұлай қорқытпаңдаршы", "Эйзи топтан шықса, мен өлемін" деген пікірлерінен байқауға болады. 

Ваннеда