18+

Ақтөбеде бірыңғай адалдық сағаты өткізіледі

Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні сағат 11:00 – де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен №32 орта мектеп гимназиясында Департамент басшысының бірінші орынбасары Ғ.Н. Досановтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту штабының басшысы Ж.С.Мұхамбетпаизованың өскелең ұрпақпен кездесуі өткізеді.

Акцияның басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, адалдық және әділдік қағидаларын насихаттау және нығайту.

Бүгінгі күннің өзінде парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтудің тұжырымдамалық негізі болып айқындалған. Осыған байланысты аталған іс – шара Агенттіктің бастамасымен «Ақтөбе-адалдық алаңды» жобасы аясында бүкіл республикада өткізілетін болады.