18+

Өрт сөндірушілер психологиялық тренингке қатысты

Ақтөбе облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ басқарма аппараты мен бастықтарымен психологиялық тренинг болып өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе облысының ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ ұжымдағы қарым- қатынасты жақсарту және эмоционалды жеңілдету мақсатында, 2020 жылдың 14 қаңтарында №22 өрт сөндіру-құтқару бекетінде тренинг өткізілді.

Тренингтің жалпы мақсаты: ұжым ішінде ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету арқылы әлеуметтік психологиялық климатты қалыптастыру.Тренинг барысында қызметкерлер арасында өзара қарым-қатынас, ұжымдық, топтық қарым-қатынас деген ұғымды қалыптастырып, бір-бірімен өзара байланысты күшейтуге барынша күш салды.

Тренингте "Австралиялық жаңбыр" «Өмір қымбат», «Логикалық сұрақтар» "Пока живу, хочу успеть" сынды жаттығулар орындалды. Ұжым мүшелері де өз тараптарынан белсенділік танытып, ортақ мәселелері мен олардың шешілу жолдарын талқылап, тренинг барысында барынша ашыла түсті. Бұл өз кезегінде ұжымның тұлғааралық қатынастарды дамытуға оң әсер етуге септігін тигізетін психологиялық тренингтерді жиірек өткізу жеке құрамды жақын тануға да мүмкіндік туғызатынын атап өткен жөн.

Тренинг соңында психологтар жылы сенім атмосферасын құрып, кездесуді оң эмоциялармен толтыра алды. Мұндай тақырыптағы тренингтер алдағы уақыттарда өткізілу жоспарлануда.