Ақтөбеде бейіттен металл қоршаулар мен ескерткіштерді ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды City04.kz аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап.
22 қаңтарда түнде полицейлер ГМЗ (Қалалық сүт зауыты) ауданында патрульдеу барысында қарда зираттар жағынан Ембі көшесіне қарай келе жатқан шана іздерін байқаған.
Іздер 40 жастағы ер адам тұратын жеке үйге әкеліпті. Шаруашылық құрылыстарын тексеру кезінде полицейлер ер адамның тұратын жеріне жақын орналасқан бейітінен көптеген металл ескерткіштер мен қоршауларды тапқан.
Үй иесінің айтуы бойынша металл ескерткіштерді металл қабылдау пунктіне тапсырмақ болған.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде,- деп мәлімдейді ПД баспасөз қызметі.