Кадр саясаты бөлімінің бас маман психологы Көкшетау техникалық институты Ақтөбе қаласы оқу орталығында алғашқы даярлық курсында білім алушы жас мамандарға суицидті алдын алу мақсатында «Өз-өзіне қол жұмсауды алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлайды City04.kz.
Жеке және топтық әңгімелесу, кеңес беру сонымен қатар жүйке психологиялық тұрақтылығын және суицидтке тәуелділік деңгейін анықтау барысында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар «Команда құру және қызметкерлер бойында дау-жанжалсыз қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыру» тақырыбында тренинг сабақтарын жүргізді.
Сабақ мақсаты жас мамандарға психологиялық қолдау көрсету және өмірлік күрделі жағдайлардан шығу амалдары жөнінде ақпарат беру, өмірге деген көзқарастарын айқындап, құндылықтарын ашып көрсету. Тренинг барысында қатысушыларды жаңа ортада еркін араласуға, ойларын ашық жеткізуге арналған тапсырмалар орындалды. Одан әрі команданы ортақ шешімге әкелуге, топ мүшелері бір- бірін толықтыруға, аз уақыт ішінде топпен біріге шешім қабылдауға бағытталған жаттығулар өткізілді.