18+

Электр кабелдері өртке оранып, тұрғын үйге зақым келді

23 қаңтар күні  Ақтөбе қаласы, Астана ауданында тұрғын үйдің электр кабелдерінен өрт шықты, деп хабарлайды City04.kz.

Өрт Ағ.Жұбановтар көшесі, №290 үйдің, 4-ші электр қалқаны өртеніп 5, 6-ші қабатында электр кабелдерінен шықты.

- Өртке 13:53те ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 4, 2 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 16 адам, 3 автокөлік (ӨСБ-нен 1 шақырым қашықтықта), 2-МӨСБ 1 адам, 1 автокөлік, №21 өрт сөндіру-құтқару бекеттерінен 4 адам, 1 автокөлік, ҚӨСҚ 3 адам, 1 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нен 3 адам, 1 автокөлік, жергілікті полиция жіберілді. Өрт 14:27 минутта шектеліп, 14:29 минутта сөндірілді,- деп мәлімдейді ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт алаңы 4 шақырым метрді құраған. Қауіпсіз аймаққа 52 адам көшірілді, оның ішінде 13 бала және 8 адам құтқарылды. 2 адам автосаты арқылы құтқарылды. Өрттің шығу себебі шығына анықталуда.