2019 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар бір килограмм шайға 3,1 мың теңге төледі. Бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,1% көп, деп мәлімдейді City04.kz.
Республика өңірлері арасында шайға ең қымбат баға Қарағанды, Алматы және Қостанайда тіркелді. Ал Орал, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында арзан құн байқалды.
Өз кезегінде, 2019 жылдың 12 айында шай мен кофе өндіру 15,6 мың тоннаны құрады – 2018 жылға қарағанда 7,9%-ға кем. Жалпы сектордағы өндіріс жылдан жылға құлдырап жатқанын атап өту керек.
Алдағы 10 жыл ішінде жаһандық қара шай өндірісі жыл сайын 2,2% -ға, көк шай 7,5% -ға артады деп күтіліп отыр. Бүгінде шайдың ең ірі экспорттаушысы – Кения, бірақ Қытай да жыл санап экспортты ұлғайтып келеді.
ҚР-да шай мен кофе импорты 2019 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша тек 0,2%-ға өсті. Импорттаушылар сұраныстың тек төрттен үш бөлігін қамтамасыз етеді. Ішкі тұтыну (ішкі нарықта сату) жыл ішінде 1,4%-ға қысқарды.
Есепті кезеңде елге шай импорты 98,5 миллион доллар әкелді – 2018 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға кем. Табиғи мәнде шай импорты, керісінше, 0,1%-ға, 27,9 мың тоннаға дейін өсті.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасына негізгі шай жеткізушілер – Кения, Үндістан және Ресей мемлекеттері.
Дереккөз: baq.kz