Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында журналистер мінген автобуста болған оқиға жөнінде толығырақ City04.kz тілшісі баяндайды .
Жол апатының салдарынан, күні кеше 3 азаматтың ауруханаға жеткізілгендігі айтылды. Бұған дейін Сity04.kz тілшісі Самара-Шымкент тас жолында журналистер мінген микроавтобустың аударылғандығы жөнінде хабарлаған болатын.
Жол көлік оқиғасынан ең ауыр жарақат алған автобустың тізгініндегі 39 жастағы жүргізуші әлі де ауыр халде. Оның көптеген жарақаттар алып, омыртқасы сынғандығы анықталды. Бүгін ол Ақтөбедегі медициналық орталыққа санавиациямен жеткізілді. Оның омартқасына ота жасалып, жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Сонымен қатар Ақтөбе телеканалы басшысының айтуынша, автобуста болған қызметкерлерінің жағдайы бірқалыпты.
Қазіргітаңдажолкөлікоқиғасынанзардапшеккен KAZ.NUR.KZ тілшісіАрдақЕрубаева мән-жайдытолығырақбаяндапберді. Тілшініңайтуынша, тұрғындармен кездесуге бара жатқан әкімнің соңынан ереміз деп, жол-көлік оқиғасына ұшыраған.
Ардақтың сөзінше, оқиға Қияқтыдан шыға Қалыбайға жақындаған тұста болған.
Айтуынша, әкімнің баспасөз қызметкері жүргізушіге жиналыстан кешігетіндерін, әкімнен қалып қойғандарын айта берген.
О баста сағатына 60-80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көлік, әкімге жету үшін қатты жылдамдықпен жүріп, тіпті, ҚазАвтоЖолдың сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүріп бара жатқан жол талғамайтын көлігін басып озған.
Ардақтың сөзінше, жол апаты орын алған кезде облыстық телеарнаның қызметкері жанындағы терезеден ұшып, қардың үстіне түскен.
Ал өзіне көліктен шығуға сол жерде жүрген жігіттер көмектескен.
Сондай-ақ, ол апатқа ұшыраған тілшілердің жағдайына қарамастан ақылға сыймайтын өтініш айтқан облыс әкімінің қызметкеріне шамданды.
Сондай-ақ, тілші журналистердің бас амандығын қамтамасыз етпеген әкімге шүйлікті.
Сонымен қатар, тілші Хромтау ауданының әкімдігіне, облыстық денсаулық басқармасына, аудандық ауруханаға, ҚазАвтоЖол қызметіне алғысын білдірді. Айтуынша, аударылған көлікке бір жарым сағаттан кейін ғана көмек келіп, жеткен.
Кеуде қуысынан соққы алып, миы шайқалған Ардақ Ерубаева қазіргі таңда Хромтау аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал жүргізушінің жағдайы туралы алдағы уақыттарда хабардар ететін боламыз.