Игі іс жасап, үлгі болған жастар марапатталады, деп хабарлайды City04.kz.
Волонтер жылына орай, Ақтөбе қаласында ерктілер арасында акция жарияланды. Шараның шартына сәйкес, жасалған игі істі суретке және 2 минуттық бейнебаянға түсіріп, қысқаша ақпарат жазып, aktobejro@mail.ru поштасына жолдауы керек.
«Аталған акция мақсаты – жастарды волонтерлық жұмыстарға кеңінен тарту, қайырымдылықты үлгі ету. Ең белсенді жастар марапатталады», - дейді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов.
Науқан 15 наурызға дейін жалғасады.