Жапония үкіметінің қолдауымен БҰҰ Даму бағдарламасы "Экоцентр" қоғамдық бірлестігі арқылы қазақстандық жас кәсіпкерлерге қаржылау қолдау көрсете бастады, деп хабарлайды City04.kz тілшісі. Бүгін "Даму" қорының ғимаратында өткен шара барысында Ақтөбе облысы бойынша 13 жас кәсіпкерге грант сертификаттары табысталды.
Кәсібін айналдырып отырған жастар аудандарда тігінхана, наубайхана, әсемдік салоны, фотосалон, тағы басқа нысандар ашқан екен. Халықаралық ұйым қолдау танытқан кәсікерлер жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтамасыз ету керек.
"Экоцентр" қоғамдық бірлестігінің директоры Меруерт Құрманованың айтуынша, халықаралық ұйым Қазақстан бойынша әзірге тек Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының жас кәсіпкерлеріне қолдау танытып отыр.