18+

Ақтөбе облысында АвтоХҚКО демалыссыз жұмыс істейдi

ЕАЭО елдерінен келген көліктерді Ақтөбе облысындағы Мамандандырылған ХҚКО-да тіркейді. АвтоХҚКО ақпан айы бойы демалыссыз жұмыс істейтін болады деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс тәртібі 1-29 ақпан аралығында бұрынғыша сақталады - 9:00-ден 20:00-ге дейін, бірақ қосымша күн - жексенбі қосылады. Жексенбі күндері Мамандандырылған қызмет көрсету орталығында тек ЕАЭО елдерінен келген автокөліктердi уақытша тіркеуді рәсімдейтін болады. Басқа қызметтер (жеке куәлік беру, қазақстандық автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу және т.б.) жексенбі күндері көрсетілмейді.

Қазақстандықтар Армениядан, Ресейден, Қырғызстаннан және Белоруссиядан әкелген автомобильдерді бір жылға уақытша тіркеу Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 көшесі, 21Б мекенжайында орналасқан Мамандандырылған ХҚКО-да жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Шалқар, Хромтау, Темір, Мұғалжар аудандық Қандыағаш қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында да қызмет көрсететін болады.