18+

Ақтөбеде жедел жәрдем диспетчерлік қызметінің сапасына шағымдар түсуде

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында 2020 жылдың 1-31 қантар аралығындағы атқарушылық тәртіптің жай-күйі  қорытындыланды, деп хабарлайды City04.kz. 

Жергілікті мемлекеттік органдардың 1 айда жасаған жұмысын облыс әкімінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауовтың  мәліметінше, облыс басшысы  тарапынан 202 тапсырма , жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардан  781 тапсырма берілген.  1144 тапсырма орындалған, мерзімі бұзылып орындалғаны – 30 болса, сапасыз орындалған 5 құжат пысықтауға қайта жіберілген. Орындалмағаны – 6. 

Мәселен,  Ақтөбе қаласы  әкімдігіне ақпараттандыру және сыртқы байланыстар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен бірлесіп 2020 жылдың 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Ақтөбе қаласының барлық қоғамдық көліктерге электрондық билеттендіру жүйесін ендіруді және GPS-трекерлерді орнатуды қамтамасыз ету қажет болған. Соған қарамастан аталған тапсырма мерзімінде орындалмаған.

Ақпараттындару және сыртқы байланыстар басқармасына  «112 - бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі» жүйесін іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырылған.  Көрсетілген мерзімде бұл жүйе іске қосылмаған. Бүгінгі күні оқиғалардың Республикалық бірыңғай жіктегіштері анықталмағандықтан ,бұл қызмет толыққанды іске қосуға мүмкін болмай тұр.

Өңір басшысы  аталған тапсырма бойынша   ақпараттындару және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккерге тапсырманың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, облыс әкімі Оңдасын Оразалин «103» жедел жәрдем  диспетчерлік қызметінің сапасына да тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар түсетіндігін жеткізді.

-Ауыл, аудан тұрғындары   жедел жәрдем қызметінің кешігіп келетіндігін,  байланыс жүйелерінің сапасыздығын айтып шағым жасайды,  жедел жәрдем  халыққа мінсіз қызмет етуі қажет, тұрғындардан шағым болмауы тиіс ,-деп атап өтті өңір басшысы.


Өңір басшысы Сергей Беккерге аудандардағы  байланыс жүйесін  ретке келтіруді, осы мәселе наурыз айына дейін оң шешімін табу қажеттігін тапсырды.