18+

Ақтөбелік ТЖД өрт сөндіру қызметкерлері марапатталды

Ақтөбе облысында қар құрсауына түскен азаматтарға көмек көрсеткені үшін Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметкерлеріне «Ерлігі үшін» медалі берілді деп хабарлайды City04.kz.

Ішкі істер министрі полиция генерал- лейтенанты Ерлан Тургумбаев салтанатты түрде Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Шалқар ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Айбек Майкуповқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қысқы кезеңдегі қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалін табыс етті.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі Әйтеке би ауданы № 9 өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі Сағит Махсотқа Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.

Аталмыш қызметкерлер күшейтілген режимде қызмет атқарды, тәулік бойы қар құрсауына түскен азаматтарға көмек көрсетіп, қиын жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.