Қазақстандықтар наурыз айында 13 күн демалады деп хабарлайды City04.kz.
Мерекелер күнтізбесі еліміздің Электронды үкімет сайтында жарияланды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, тек аптасына 5 күн жұмыс істеп, оқитын адамдар наурызда 13 күн демалады.
Халықаралық әйелдер мерекесіне орай қазақстандықтар 3 күн: 7, 8 және 9 наурыз күні демалады.
Айта кету керек, бұл аптасына бес күн жұмыс істейтін және оқитын адамдарға ғана қатысты.
Ал жұмыс кестесі аптасына алты күнді құрайтын жандар екі күн: 8 және 9 наурыз күні демалады.
Ал ең ұзақ демалыс ел тұрғындарын Наурыз мерекесінде күтіп тұр. Бұл уақытта қазақстандықтар қатарынан 5 күн 21-25 наурыз аралығында демалады. 26-сы күнi жұмыс күні.