18+

Ақтөбеде көлікті мас күйде тізгіндеушілер көбейді

Ақтөбелік азаматқа көлік құралын мас күйінде айдағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру мен өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында "Богослов трассасы" айналма жолында 53 жастағы жүргізуші басқаруындағы "Ваз-2114" автокөлігі тоқтатылған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, автокөлік жүргізушісі көлік құралын "жеңіл" дәрежелі мас күйінде басқарған. Жүргізушінің көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

 Жүргізушінің мойындау көрсеткіштері де бар. Бүгінгі таңда автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Ал жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту туралы заң күшіне енген болатын.

Бұл заң күшіне енген сәттен бастап, Ақтөбе облысында сот үкімі бойынша мас күйінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған 18 факті тіркеліп отыр.