"Контрафакт" жедел алдын-алу шарасы аясында Ақтөбелік полицейлер 80-ге жуық заңсыз өнім тәркіледі деп хабарлайды City04.kz.
17-21 ақпан аралығында Ақтөбе облысында "Контрафакт" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Шара барысында полиция қызметкерлері контрафактілік өнімдердің таралуының 16 фактісін, соның ішінде ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың заңсыз таратылуының 1 фактісін анықтап, тіркеді.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Контрафакт" жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында барлығы 79 контрафактілік объект, оның ішінде 33 контрафактілік өнім тасығыш, 26 ойын құрылғысы және 1 порнография тасығыш тәркіленді.