Ақтөбедегі Достық Үйінде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Мың алғыс саған, Қазақ Елі!» мәдени-көпшілік іс-шарасы өтті деп хабарлайды City04.kz
Ақтөбелік этномәдени бірлестік өкілдерінің «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қоюмен басталған шара, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жазылған кітаптар көрмесі, этнос өкілдері балаларының қолымен салынған «Менің Отаным - Қазақстан» суреттер алаңы, сондай-ақ, өңірдегі диаспоралардың ұлттық қолөнер бұйымдары мен тағамдары дайындалған көрмемен жалғасты.