Ақтөбелік әскери қызметкерлерге "Әскери баспана" бағдарламасымен пәтер рәсімдеу үшін смс-хабарлама жіберілді деп хабарлайды city04.kz
Ақпан айының соңында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитінде тұрғын үй төлемін жинап жүрген қазақстандық 3 000 әскери қызметкерге СМС-хабарлама жіберілді.
city04.kz тілшісі осы жылы әскери қызметшілерге берілетін 3000 пәтерді 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлген кезде шамамен әр облыстың әскери қызметшілеріне 176 пәтерден келетінін анықтады.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Ақтөбе облысында әскери қызметшілердің саны өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда аз.
2018 жылдан бері әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдері бұрынғыдай айлық көрсеткіш ретінде жалақыларына қосылмай, әскери қызметшілердің арнайы шоттарына жіберілуде. Ал арнайы шотқа әскери қызметшінің отбасы құрамына байланысты тұрғын үй төлемдері әр ай сайын аударылып тұрады.
Айта кеткен жөн, несие бірінші кезекте 49 пайыз көлемінде қаражат жинағандарға берілетін болады.