18+

Ақтөбе коронавирусқа дайын ба?

Ақтөбеде «Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Жиында облыстағы бетперде тапшылығы, Наурыз мерекелерін тойлау тойламау жөнінде тың ақпараттар айтылды деп хабарлайды City04.kz

 Шара спикерлері Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев және Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Ақтөбе облысында бетперде тапшылығы бар екенін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мырза да растады.

- Біз апта сайын брифин беріп отыруға шешім қабылдадық. Әлеуметтік желілерде коронавирус төңірегінде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар көбейіп кетті. Нақты мәліметтерді Денсаулық сақтау министрлігі және соған қарасты мекемелердің ресми сайттарынан қарауға кеңес береміз. Азаматтардың жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, жеміс-жидектерді көбірек тұтыну , иммунитетті көтеруді қатаң бақылауға алу қажет,- деді Әсет Қалиев.

Брифинг барысында облыста бетперденi алыпсатарлар арзан бағада алып, шет елдерге қымбат бағаға сатып жатқандар туралы мамандар ешқандай мәліметтер айта алмайтындықтарын айтты. Мұндай жағдайлар болса да, бұл заң бұзушылықтармен шекарашылар мен кірістер департаменті айналасатындығын ескерттi.

- Ақтөбе облысында бетперде тапшылығы байқалып отыр. Қазіргі таңда 6 наурызға білесіздер дәріханалардың барлығы жеке дәріханалар. Ақтөбе облысында дәріханаларында 17 973 бетперде сатылымда бар. Біз мониторинг жүргізіп отырмыз. 4 наурыздан бастап, "ТК ФармАқтөбе" ЖШС маска өндіріп, тіге бастады. Жетісіне 25 мың маска өндіріп шығарады. Мысалы 4 наурызда бетперделер тiгiлiп, кеше ғана олар сатылымға жіберілді. Бұл жағдай дұрысталады деп сенеміз,- деді Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Спикерлер Ақтөбе облысының балабақшаларына сырттан келетін адамдарға міндетті түрде маска киіп келулері керек деген ешқандай нұсқаулық болмағанын ескертті.

-Бетперденi тек ауырып жүрген адам ғана тағулары керек. Ал сау адамға бетперденi тағудың қажеттілігі жоқ,- деп атап өтті Нұрсұлу Беркімбаева.

Наурыз мейрамында мерекелерін тойлау немесе тойламау жөнінде қандай да бір шараларды өткізуге шектеулер болу болмауы туралы мамандар барлығы коронарирустық ахуалға байланысты екендігін айтты.

Егер де азаматтар өздерінен коронавирус ауруының белгілерін байқаған жағдайда емханаларға емес алдымен жедел-жәрдемге бірден хабарласуларына болатындығын ескертті.

Спикерлер Ақтөбе облысына Қытайдан 22-23 ақпанда келген азаматтардың біреуі ауруханадан шыққандығын және де үш азаматтың әзірге карантинде екендігін брифин барысында айта өтті.

Мамандар Ақтөбе өңірінің тұрғындарына коронавирустық инфекциялары бар науқастар анықталған ҚХР-на және басқа да елдерге барудан бастартуға кеңес береді.

Мәселен, ағымдағы жылдың 20-ақпанынан ҚХР және басқа елдерден Ақтөбе облысына 165 адам келіп үлгерген. Оның ішінде ҚР азаматтары – 154, 11 адам – шетел азаматтары. 

Мамандар мiндеттi түрде Ақтөбе облысының коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген туристер мен спортшыларды тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге хабарласып, медициналық тексерілуден өтулерін сұрайды.

Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті азаматтарды жалған ақпаратты таратпауға шақырады және жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.