Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 мекемесі сотталғандар мен олардың жақындары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шара кезінде мекемеде жазасын өтеп жатқандардың ата-аналары, жұбайлары, бауырлары мен достары сотталғандармен кездесіп, олардың жатын орындарын көріп, тұрмыс-тіршіліктерімен танысты деп хабарлайды City04.kz
Сонымен қатар, КА-168/1 мекемесі тәрбие бөлімінің осы кешке арнап шақырған «Volunter.2020_aqtobe» жастар өнерпаздарының концерттік қойылымы жазасын өтеушілер мен олардың ата-аналарынының көңілдерін көтерді. Мерекелік дастарханда сотталған азаматтар ең жақын адамдарымен шүйіркелесіп, сырласа алды. Осы сәтті пайдаланып, сотталғандар да ата-аналары мен жұбайларына, бауырларына өздері ұйымдастырған концерттік қойылымдарын арнап, оларды жақсы көретіндерін өлең шумақтарымен жеткізіп, гүл сыйлады.