-Биыл 787,0 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Оның ішінде: 457,3 мың гектарға дәнді,35,2 мың гектарға майлы, 282,2 мың гектарға мал азығы дақылдары, 6,3 мың гектарға картоп және 5,9 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары егілетін болады. Дәнді, майлы дақылдардың және картоп тұқымдарымен толық қамтамасыз етілгенбіз. 2020 жылғы егіс жұмыстарына 201,2 мың гектарға сүр және 82,6 мың гектар алқапқа сүдігер дайындалып, 66,4 мың гектар алқапқа қар тоқтату жұмыстары жүргізілді. Көктемгі далалық жұмыстарға 5 300 трактор, 93 егін кешені, 1500 дәнсепкіш пен 4 800 жер өңдеу техникасы жұмылдырылатын болады. Бүгінде ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі далалық жұмыстарына 92% дайын. Егін салу жұмыстары сәуір айының соңында басталады,- деді басқарма басшысы.