18+

Ақтөбеде деструктивті діни ағымдарды жақтаушылар жасаған 6 қылмыс ашылды

Ағымдағы жылдың басынан деструктивті діни ағымдарды жақтаушылар жасаған жалпы қылмыстық сипаттағы 6 қылмыс ашылып, 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды деп хабарлайды City04.kz

Теріс пиғылды діни ағымдарды жақтаушылар дінді жасырумен қаруды заңсыз сақтау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және т. б. қылмыстар жасаған.

Мысалы, 55 жастағы әйел пәтерді жалға алып, онда тиісті тіркеусіз уағыз жүргізді. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 265100 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар 30 жастағы ер адамнан діни сипаттағы тыйым салынған әдебиеттер алынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 176750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Азаматтар әлеуметтік желілерде діни сипаттағы тыйым салынған аудио және бейне жазбаларды сақтап, тарататын фактілер болса, бұл үшін қолданыстағы заңнамада жауапкершілік көзделген. Осындай құқық бұзушылық үшін 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оларға 53 мың теңге айыппұл салынды.