Ақтөбеде кеше № 24 бағытындағы автобус салонында 12 жасар оқушының "Айфон-5" ұялы телефонын ұрлап кеткен ұры ұсталды деп хабарлайды City04.kz
Криминалдық полиция қызметкерлері қалта ұрлығының алдын алу бойынша жедел іс-шаралар жүргізген болатын.
Ұрлық жасаған азамат бұрын сотталған ақтөбелік ер адам болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.