18+

Ақтөбе облыстық ХҚКО Төтенше жағдай режимі тәртібіне көшті

Ақтөбе облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» МК  филиалының ХҚКО-ры ТЖ режимі кезеңінде белгіленген жұмыс тәртібіне көшті деп хабарлайды City04.kz

Барлық облыстық ХҚКО-лар ағымдағы жылдың 19 наурызынан  бастап 09:00 ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады .

Қызметкерлер онлайн алуға болатын қызметтерді көрсетпейді.Төлқұжат пен жеке куәлік, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. қызмет түрлері ғана ұсынылады. Қызметтердің қалған 80%-ын онлайн алуға болады. 

-ХҚКО қызметкерлері Сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді қашықтан өз бетінше алуға көмектеседі. Аса қажет болмаса ХҚКО-ға баруды кейінге қалдырғаныңыз жөн,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы.